Ол тек табысты медиаменеджер ғана емес, продюссер, жаңалықты жаны жұрттан бұрын сезетін білікті басшы. Оның басшылығымен Ресей теледидары жаңа деңгейге көтерілді», - деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Маман-әріптестері "Эрнст керемет телевидение құрды, ол миллиондардың жүрегі жылы қабылдаған көптеген озық бағдарламалардың авторы. Ол бүгінгі телевизия саласының сөзсіз майталман көшбасшысы», - деген пікірді жиі қайталаудан танбайды.
"Ол таным түйсігі өте керемет адам, даму үрдісін дөп басатын тамаша қасиет иесі", - деп атап көрсетті Телевидение мен радио Халықаралық академиясының президенті Анатолий Лысенко.