Ростов облысы гандболшылар командасының мүшесі Кристина Котолуп Мәскеу құрамасының шабуылшысы Александра Пустохиноға қарсы өте қатал әдіс қолданды. Зардап шеккен спортшы алаңды дәрігерлердің көмегімен ғана тастап шыға алды.
Олардың екеуі де 16 жаста. Котолуп алаңнан қуылды және келесі ойындарға қатыстырылмайтын болды.
Бұл келеңсіз жағдайды арнайы комиссия тексеретін болады.