Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында отандастармен жұмыс жөніндегі департаменттің директоры Александр Чепурин хабарлады.
Конгреске барлығы 1 мыңдай делегат келеді деп күтілуде және олардың жұмыстары тақырыптық секцияларға бөлінеді.
А.Чепуриннің айтуынша, конгреске Қазақстанның орыс диаспорасының өкілдері қатысады. Кеңесте талқыланатын өзекті мәселелердің бірі - Ресейде тіркелу амалдарын оңтайландыру жайы, сондай-ақ ресейлік отандастардың қоныс аудару бағдарламасының кейбір аспектілері болмақ.