«Ресейлік шекарашылар 4 келіден астам жоғары сұрыпты героинды екі вагонның тамбурынан тапты. Есірткілер Ресей Федерациясының аумағына пластик құтыларда тасымалданбақ болды. Вагондардың бірінде есірткіге еліткен жолсерік қолға түсті», - деп мәлім етті Ресейдің есірткі айналымын бақылау жөніндегі федералдық қызметінен.
Еске салайық, ресейлік шекарашылар 28 қаңтар күні өз аумақтарына 27 келі есірткіні өткізудің жолын кесті. Онда да жолаушылар құрамы РФ шекарасында қазақстандық шекара бекеті арқылы өткен еді.