ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше сағат кешкі алтылар шамасында Бөрлі ауданына қарасты Пугачева ауылының маңында орын алды. Тіркелмеген жеке ұшырым жасаған ұшақтың иесі 48 жастағы Ресей азаматы. Ұшақ құлаған жерден оның және 28 жастағы әйелдің мүрдесі табылды.
«Төтенше оқиға орнына ҚР ТЖМ БҚО бойынша төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 6 маманы мен 1 техникасы барды», - делінген ведомство ақпаратында.