«Екінші тоқсанда операциялық кіріс 8,8 миллион теңгеге ұлғайды. Ал пайдасы аз өнімдерден бас тарту шығынды 37 пайызға қысқартуға мүмкіндік берді. Таза табыс 49 миллион теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7 миллион теңгеге артық. Алғашқы жартыжылдықта шоғырландырылған табыс 88 миллион теңге болды. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,2 млн. теңгеге жоғары», - дейді басқарма төрағасы Александр Манаенко. Оның айтуынша, компания 325 млн. теңге көлемінде дивиденд төлеген. Соның нәтижесінде меншікті капитал 5 пайызға кеміп, жалпы меншікті капитал 3,1 млрд. теңгені құрап отыр.
12:59, 14 Тамыз 2012
«RESMI» инвестициялық қаржы үйі алғашқы жартыжылдықта 49,1 миллион теңге таза табыс тапты
АЛМАТЫ. 14 тамыз. ҚазАқпарат - «RESMI» инвестициялық қаржы» АҚ-ның активі алғашқы жартыжылдықта 17 пайызға ұлғайып, 5,5 млрд. теңгеден асты. Оны акционерлік қоғам басшылары бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.