«Республика» ЖЗҚ-ның басқарма төрағасы Асқар Смайыловтың сөзіне қарағанда, 2010 жылы салымшылар өсімі 31,8 мың адамға, яғни 22,1 пайызға өскен. Ал қор 2010 жылғы таза инвестициялық кіріс бойынша көшбасшы атанып, пайыздық көрсеткіші 131,4 пайызға жеткен.
Қордың сәтті инвестициялық кірісі ұзақ мерзімді стратегияның арқасында жүзеге асып отыр. Бұл стратегияның басты жетістігі соңғы 3 жылдың ішінде инфляция деңгейін айналып өтуі болып табылады. 2011 жылдың 1 қаңтарында инфляция деңгейі 25,36 пайыз болса, осы уақыттағы қор көрсеткіші 30,03 пайызды құрады.
Қор қызмет сапасын арттыру мақсатында бірқатар шаралар атқарып келеді. Осы мақсатта 2010 жылы Қорға сервис-менеджер институты енгізілді. Ал биылғы жылы Қор сервистік стратегия аясында осы институт қызметін арттырып, салымшылар үшін жаңа қызмет түрлерін ашу жоспарланып отыр.
«Жалпы алғанда, біз өткен жылдың қорытындыларына көңіліміз толады. Осы нәтижелерге сүйене отырып, биыл да жоғары көрсеткіштерге қол жеткіземіз деп ойлаймын», - деді А. Смайылов.