Елордада көмірқышқыл газына улануға қатысты үш оқиға болды. «Өндіріс» кентінде бес адам, соның ішінде төрт бала, Сарыарқа ауданы Чернышевский көшесіндегі тұрғын үйде екі ересек және екі бүлдіршін, Оңтүстік-шығыс шағын ауданында - үш азамат пен бір бала зардап шекті.
Сондай-ақ Алматы қаласындағы Алатау ауданы Шаңырақ шағын ауданында алты адамнан тұратын бір отбасы ауруханаға жеткізілді.
Ал Шымкент қаласындағы оқиға қайғылы аяқталды. Табиғи газбен жұмыс істейтін пештің ысына уланған 42 жастағы азамат тілге келместен көз жұмды.