Ақтөбе облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік басқармасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Әли Көмекбаевтың қатысуымен Жолдаудағы негізгі бағыттарды түсіндіру туралы, мемлекеттік қызмет туралы заңнама, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі семинар-кеңес болып өтті.
Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенттері және оқытушыларымен кездесу өткізеді, күннің екінші жартысында облыстық драма театрда мәдениет саласының қызметкерлері және шығармашылық адамдармен жүздеседі. Ал ертең «Нұр Отан» ХДП филиалының ғимаратында БАҚ және ҮЕҰ өкілдері үшін тағы бір кездесу өткізеді.