Республикалық бюджет қостанайлықтарға коммуналдық төлемдерді үнемдеуге көмектесті

ҚОСТАНАЙ. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысына жылу тарифтерінің арту қаупін болдырмау үшін миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Бұл туралы бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Виктор Мейстер мәлім етті. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында сөз алған ол бөлінген нақты қаражат 966 миллион теңгені құрайтынын жеткізді.

В. Мейстер атап өткендей, бұл қаражат ағымдағы жылдың соңына дейін жылу мен ыстық суға төленетін тариф бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді.