деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаржы шығыстары арнайы бюджеттік даму бағдарламалары бойынша берілген. «Спорт объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы негізінде 2010 жылы 10 млрд 798 млн 296 мың теңге бөлінетіні жоспарланған. Осы шығыстар бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Атап айтқанда, 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарын өткізу үшін шаңғы және биатлон стадиондарын салуға 2010 жылы 7,0 млрд теңге, Астана қаласында республикалық велотрек салуға 2010 жылы 2 млрд 798 млн 296 мың теңге, Астана қаласында көп функционалдық «Олимпиадаға дайындалу орталығы» кешенін салуға 2010 жылы 500,0 млн теңге көзделуде.
Сонымен қатар Алматы облысында республикалық олимпиадаға дайындалу базасын салуға 2010 жылы 500,0 млн теңге, Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайын күрделі жөндеуге 2 млрд 754 млн 539 мың теңге, Астана қаласында коньки тебу стадионын салуға 2 млрд 864 млн 374 мың теңге шығыстар қарастырылған.
Сол секілді Қызылорда облысының Арал қаласында спорттық-сауықтыру кешенін салуға 150,0 млн теңге, Алматы облысының Талдықорған қаласында универсалды залы және 1500 орынды трибунасы бар спорт сарайын салуға 1 млрд 281 млн 189 мың теңге бағытталатын болады.
«2011 жылғы Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» бағдарламасы аясында қаражат бөлінеді. Соның ішінде 2010 жылы 6 млрд 116 млн 554 мың теңге, 2011 жылы 6 млрд 883 млн 446 мың теңге бағытталатыны жоспарланған. Осы шығыстар 2011 жылғы ҮІІ Қысқы Азия ойындары барысында жарыстар өткізу үшін қолданылатын Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайын күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға бағытталатын болады.