Оған Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысып, әскери борышын өтеп жүрген жас сарбаздарға Елбасы Жолдауының мән-маңызын түсіндірді.
Сондай-ақ, отырыс барысында Президент Жолдауына арналып өткізілген «Тәуелсіз және сенімді Қазақстан» тақырыбындағы мүшайраның қорытындысы жасалып, жүлдегерлер марапатталды. Гран-при жүлдесі 0111 әскери бөлімінің қызметкері, аға сержант Ж. Шытырбаевқа табыс етілді. Барлық жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар сыйланды.
Сонымен қатар, Республикалық ұланның баспаханасы осы конкурстың ең үздік шығармаларын жинастырып, «Тәуелсіз және сенімді Қазақстан» атты жинақ басып шығарды.