деп хабарланды денсаулық сақтау басқармасынан.
Г. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада және бірінші қалалық, жедел-жәрдем ауруханаларында жалпы хирургия бойынша оталар жасалуда.
Астаналық дәрігерлер тобы павлодарлық әріптестерін жаңа технологияларды қолдану арқылы оталар жасауға үйретуде.
Республикалық жедел медициналық көмек көрсету ғылыми орталығы елдің барлық облыстарында шеберлік сабақтарын өткізеді, бұл өз алдына өңірлік хирургтардың біліктіліктерін арттыруға септігін тигізеді.