Операциялар Академик Павловтың атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық университетінің Р.М. Горбачева атындағы Гематология және сүйек кемігінің трансплантациясы институты қызметкерлерінің: институт директоры, профессор Б.В. Афанасьевтың, гемопоэтикалық жасушалардың сапасын бақылау зертханасымен криоконсервациялау бөлімшесінің меңгерушісі Е.В. Бабенконың, гемобластоздар емханалық бөлімшесінің меңгерушісі А.Д. Кулагиннің қатысуымен өткізіледі.
Жыл сайын Қазақстанда 1500 ересек адамдар лейкозбен ауырады, оның ішінде 500 оқиға өлім-жітімді аяқталады.
2009 жылдан бастап «Облыстық бюджетке, Астана, Алматы қалаларының бюджетіне мақсатты ағымдағы трансферттер гематологиялық ауруларды химиопрепараттармен қамсыздандыруға» бюджет бағдарламасын енгізгеннен кейін гематологиялық ауруларды дәрілік қамсыздандыру айтарлықтай жақсарды. Сонымен қатар заманауи бағытталған терапиялық бағдарламаларды (моноклональды антителдер, ингибиторлар-тирозинкиназалар) енгізу мүмкіндігі туды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында лейкоздарды-сүйек кемігінің трансплантациясын емдеудің жоғары технологиялық әдістерін енгізу қажеттілігі пайда болды. Гемопоэтикалық жасушалардың трансплантациясын кең қолдануда бас тежегіш гистоүйлесімді донорды іріктеу болып табылады. Атап өтетін жәйт, Орта Азияның кеңестен кейінгі ауқымында сүйек кемігінің трансплантациясы жүзеге асырылғанжоқ, ол уақытта Ресейде берілген әдісті қолданатын 18 бөлімше қызмет атқарады. Сүйек кемігінің трансплантациясы дұрыс ұйымдастырушылық тұрғыда тиімді: кезеңділік және аурулардың селекциясы әдісті сенімсіздендіруге емес, жарияланған нәтижелерге жетуге: жіті миелоидты лейкозбен ауыратын науқастарда 5-жылдық өміршеңдік 35 % дейін, ересектер жіті лимфобластық лейкозбен ауыратын науқастар - 40 % дейін, жіті промиелоцитарлы лейкозбен ауыратын науқастар 7 реттен аса, лимфопролиферативті аурулармен ауыратын науқастар 75 % дейін, ұзақ ремиссиямен көптеген миеломамен ауыратын науқастар 50 % дейін артттыруға мүмкіндік туғызатындығын ерекше атап өту қажет.
Донорларды іріктеу және халықаралық регистрмен өзара әрекетке қызметті дайындағанға дейін зақымданбаған сүйек кемігімен (көбінде лимфопролиферативті аурулар) ауруларға қолданылатын аутологиялық алмастыруды (өзінің жасушалары) енгізуді бастау қажет. Бұл сүйек кемігінің гемопоэтикалық жасушаларын енгізу жолындағы бірінші кезең.
Трансплантацияның қорытынды кезеңі 2010 жылғы 26 қарашадан бастап 3 желтоқсанға дейінгі аралықта жүзеге асырылады. Бұл ісікті қан ауруларын емдеуде жасушалы технологияларды қолдануда негізделген Қазақстан Республикасындағы алғашқы үдеріс.
2011 жылға Ұлттық медициналық холдингтің еншілес ұйымдарының базасында Қазақстан Республикасында сүйек кемігінің аллогенді туыстық трансплантациясын енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарланды. Мұндай жоғары технологияларды енгізу бүгінгі таңда мұқтаж мыңдаған пациенттердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.