АСТАНА, 5 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мемлекеттің индустриалды өмірін шынайы жазған журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының шығармашылық ұжымын марапаттады.
Марапатқа ие болғандардың қатарында «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», «Қазтаг», «Вnews» ақпарат агенттіктері, «Қазақстан», «24 кз», «Хабар» телеарналары, «Алаш айнасы» сынды ақпарат құралдары болды.
Оларды ҚР Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев құттықтап, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.