деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Солтүстік Қазақстанда, Ақмола облысында кей жерлерде көктайғақ болады, желдің екпіні 15-22 метр-секундқа дейін күшейеді.
Қостанай облысында боран, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 метр/секундқа жетуі ықтимал. Ал Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 17-22 метр/секундқа жетеді.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, түнде Маңғыстау және Атырау облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.