Режиссер Егор Кончаловский ауруханаға түсті

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Режиссер Егор Кончаловский созылмалы ауруының асқынуына байланысты ауруханаға түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.

Кончаловский ауруханаға дүйсенбі күні кешке жеткізілді. Қазір дәрігерлер Кончаловскийге қайталап тексеруден өтуді және көптеген анализдерді тапсыруды белгіледі. Олардың қорытындылары бойынша ем қолданылатын болады.

Алдын ала деректер бойынша оның панкреатиті асқынған. «Егор телефонға келе алмайды, - деді оның зайыбы Любовь Кончаловская. - Оның жағдайы қалыпты».