Қарағандылықтар Томск облысы губернаторының Кубогын иеленді. «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернат командасы «Кегерлинг» санатында бірінші орынды, «Роботтар биі» санатында - үшінші орынды жеңіп алды. «Сумо» санатында екінші орын Қарағанды №1 қазақ-түрік лицейі командасының еншісіне тиді. Жезқазған № 3 қазақ-түрік лицейінің командасы «Туды жаулап алу» санатында екінші орын алды», - делінген хабарламада.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, дипломдар, медальдар, сондай-ақ «Lego» естелік сыйлықтары берілді. Ұйымдастырушылар ақпараты бойынша, жарысқа мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 200-ден астам бала қатысқан. Қазақстаннан Қарағанды және Павлодар облысының оқушылары барды.
15:51, 07 Қараша 2016
Робот техникасын жасаған Қарағанды облысының оқушылары Ресейде марапаттарға ие болды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының оқушылары Томскіде өткен робот техникасын жасау бойынша жарыста сәттілікке қол жеткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.