Декретке сәйкес, өтпелі кезеңнің президенті өз өкілеттігін жаңа конституция бойынша сайланатын Жогорку Кенештің бірінші отырысына дейін атқаратын болады. Президент өз өкілеттігін әзірге 2007 жылдың қазан айының 23-інде қабылданған негізгі заң бойынша атқара тұрады да, ал Жогорку Кенештің бірінші отырысынан кейін ол өз өкілеттігін жаңа конституция бойынша атқарады.
Роза Отынбаева сондай-ақ, жаңа үкімет құрылғанға дейін Қырғыз Республикасының премьер-министрі өкілеттігін де атқара тұрады.
Оған қоса декретте, ел президентінің өтпелі кезеңде ешқандай саяси партияда болмауы және кезекті президенттік сайлауға қатыспауы қарастырылып отыр.
Жаңа конституцияны маусымның 27-сінде жалпыхалықтың референдумға шығару жоспарланып отыр.