Турнирге Қазақстан мен Қырғызстаннан 7 команда қатысады. Атап айтқанда, дүбірлі додада «Арлан» (Көкшетау), «Бейбарыс» (Атырау), «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» (Орал), «Қазақмыс» (Сәтбаев), «Горняк» (Рудный), «№ 18 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» (Алматы) және «Илбирс» (Бішкек) комнадалары бақ сынасады. Чемпионатта Рудный қаласының намысын Олег Нестеровтың командасы қорғайды. Бүгін жарыстың ашылу салтанаты өтеді. Ойындар 15 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлады sports.kz.
09:32, 10 Қараша 2014
Рудныйда қазақстандық және қырғызстандық балалар командалары хоккейден өзара бақ сынасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай өңіріндегі Рудный қаласында 2003 жылы туған балалар командаларының арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі басталды.