Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған. 2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер. 2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а., басшысы. 2019-2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары. 2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.15:18, 14 Ақпан 2022
Руслан Желдібай ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтемемен хабарлайды.