«Мәселені басқаша қою керек - аптасына 3 сағат міндетті сабақ. 2015 жылға дейін балалардың 3 сағатқа дейін дене тәрбиесі сабағымен айналысуға мүмкіншіліктері болуы үшін әкімдер білім беру мекемелеріндегі спорттық құрылымдар стандарттарын сәйкестендіру керек», - деді ол.
Үкімет отырысы барысында сөз алған Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бүгінгі таңда аптасына 3 сағат дене тәрбиесімен айналысу мүмкіншілігі еліміздің барлық мектептерінде бірдей жасалмағандығын айтқан еді.