ҚР Президентінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бүгін Премьер-Министрді қабылдады.
С.Ахметов халықаралық көрмеге дайындық Үкіметтің жіті бақылауында тұрғандығын атап өтті.
Сонымен қатар Үкімет басшысы ҚР Президентіне елдің ағымдағы жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері мен 2013 жылдың 23 қаңтарында өткен кеңесте Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы, сондай-аө 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту жаңа салалық бағдарламасының қабылдануы туралы мәлімдеді. Кездесу соңында Елбасы Қазақстанның экономикалық дамуын одан әрі ынталандыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.