«Сапар барысында Шақпақ баба елді мекені маңында құрылысын ирандық «Дена Рахсаз» компаниясы құрылысын жүргізіп отырған жерасты өткелінде болып, ұзындығы бір шақырымға жуық жер асты жолында атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеді. Аудан аумағынан өтетін республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды қардан тазалайтын мекемеге соғып, ондағы техникалардың жағдайын көзбен көрді, жұмысшылармен тілдесті. Автомобиль жолдарын қардан тазарту бағытында атқарылып жатқан шаралар жөнінде Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары М.Жанесен хабарлама жасады», делінген хабарламада.