Аталмыш мектеп директоры Ерсайын Сапаровтың айтуынша, биылғы көрсеткіш өткен жылғы деңгеймен (107 балл) шамалас деуге болады. 90 жылға жуық тарихы бар білім ордасынан 8 түлек «Алтын белгіге» үміткер болса, қазіргі уақытта соның жетеуі қорғап шықты. Сондай-ақ сегіз «Ерекше аттестат» үміткерінің тең жартысы көздеген межеден көрінді. Дегенмен қорғай алмағандар арасында апелляциялық шағым беретіндер бар. Сондықтан толық мәлімет ертең белгілі болады.
19:55, 03 Маусым 2013
С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешені түлектері орташа 106 балл жинады - БҚО
ОРАЛ. 3 маусым. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 3 маусым күні тест сынақтарына қатысқан дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің 50 түлегі орташа 106 балл жинады.