«25.01.2018 жылы ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды» делінген хабарламада.
Сонымен қатар білім басқармасы аязға байланысты сабақтардың болмауы балалардың демалыс күндеріне еш әсер етпейтіндігін атап өткен.
«Сабақтардың болмауы балалардың демалыс күндеріне әсер етпейді. Демалыс күндері уақытылы өткізіледі. Мектептегі оқу бағдарламасынан қалып қалмау мақсатында тиісті іс-шаралар жоспарланған. Оқу бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыру мәселесі Білім басқармасының жеке бақылауында. Мұндай жағдаймен жыл сайын кездесеміз, сондықтан оның салдарына барынша дайынбыз», - деп атап өтеді басқармадан.