Ведомстводан мәлім еткендей, Қостанай қаласы ІІБ қызметкерлері баласын автовокзалда тастап кеткен ананы Астана қаласынан тапты. Жасы - 22-де.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 119-бабымен (Қауіпті жағдайда қалдыру) қылмыстық іс қозғалды.
Еске салсақ, 17 маусымда кешкі сағат 20.30 шамасында «102» пультіне автовокзалдағы ана мен бала бөлмесінде сәбидің жалғыз жатқаны туралы ақпарат түскен болатын. Оқиға орнына ювеналды полиция және жедел қызмет мамандары аттанды.
Сәбиді ғимарат күзетшілері байқаған. Қазір ол Қостанайдағы "Дельфин" балалар үйінде.