«Спорт туралы мағлұматы аз бола тұра, құр айқайға жол беретіндер үшін айтарым: Клуб пен Қазақстан құрамасы екеуі екі түрлі ұғым», - деді спортшы өз аккаунтында.
Спортшы аталған клубта 1 ай бойы жаттығып келген. Биыл қарашада клуб спортшылары V.Challenge Ligue чемпионатында бабын сынайтын болады.
Өзінің блогында қазақстандық спортшы жаттығу 8 сағатқа дейін жалғасатынын айтқан. Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қытайда өткен Азия жастар чемпионатында көзге түскен. Қытай журналистерінің обьективінен түспеген бойжеткен аз күнде әлемге танымал болды.