Сабырғали Ыдырысов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне бұған дейін «Қарағанды Энергиялық орталығы» ЖШС-нің бас директоры болып жұмыс істеген 40 жастағы Сабырғали Ыдырысов тағайындалды,

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

 «Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Бауыржан Смағұлов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісуімен және облыс әкімі Әбілғазы Құсайыновтың өкімімен бұл қызметке С.Ыдырысов тағайындалды», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Б.Смағұлов ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

«Облыс әкіміның орынбасары қызметінде Б.Смағұлов коммуналдық шаруашылық және ТЖ мәселелеріне жетекшілік етеді», - деп нақтылады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

С.Ыдырысов Обнинск қаласындағы атомдық энергетика институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылы «Кардершлер» жауапкершілігі шектеулі қоғам бірлестігінде бас директордың орынбасары ретінде бастаған. 15 жылдам астам уақыт энергетика жүйесінде жұмыс істеген.

2009-2010 жылдары ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды. Ал осы тағайындауға дейін «Қарағанды Энергиялық орталығы» ЖШС бас директоры болып қызмет атқарған.