Садақ атудан мергендеріміз Бағдатта қола жүлдеге қол жеткізді

Фото: ҚР Спорт комитеті

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл күндері Ирак астанасы Бағдатта садақ атудан Азия кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр. 

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлім еткендей, бүгін құралмалы садақпен (Compound bow) атуда Қазақстан ерлер құрамасы үшінші орынға табан тіреді.

Жүлде жолында Акбарәлі Қарабаев, Шәміл Сагутдинов пен Бунед Мирзаметов жарыс қожайыны Ирактың командасынан басым түсті. Есеп: 227-215.

Фото: ҚР Спорт комитеті

Ертең жарыстың шешуші күні Олимпиада бағдарламасына кіретін классикалық садақ атудан жекелей және командалық сайыс өтеді.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкент қаласында нысана көздеуден «Алтын мерген» халықаралық турнирі өтіп жатқанын жазған болатынбыз.