Бұл туралы ол «Адами капитал - Жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты Ғылым және жоғары білім-2022 форумында айтты.
Ахметжанов өз сөзінде жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы жаңа министрлік пен ЖОО миссиясын табысты іске асыру үшін маңызды кедергі болып табылатынын еске салды.
Мұндай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін елемеудің нәтижесі соңғы үш жылда жоғары оқу орындарының өкілдеріне қатысты жыл сайынғы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тұрақты тіркеу болып табылады.
2021 жылы Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры, ректорының кеңесшісі және инженері Университетке тиесілі 110 жер телімін заңсыз бөліп, оларды 72 жалған тұлғаға ресімдеп, 95 млн теңге сомасында залал келтірді.
Сыбайлас жемқорлық фактілері регламенттеуші НҚА мен бизнес-процестерді қайта қарау, шешімдер қабылдаудың есептілігі мен ашықтығын күшейту қажеттігін растайды.
«Агенттік 2018 жылы Ғылым комитетінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп, 16 ұсыныс енгізді. Оларды орындау бойынша оң өзгерістер байқалуда.
Алайда, қызмет басшысы атап өткендей – «Салалық ғылымды қаржыландыру жүйесі мәселелері әлі де өзекті болып отыр. Ол осы мақсаттарға бөлінетін мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануды ынталандырмайды»»,-дейді Саян Ахметжанов.
Бұл ретте ол мемлекет бөлетін қаражаттың негізгі бөлігі тікелей ғалымдарға, яғни нәтижелерге сұранысты күшейте отырып, тікелей қаржыландыру схемасын енгізуді ұсынды.
Сондай-ақ, жаңадан құрылған министрлік пен ЖОО басшылығы жоғары білім беру саласындағы ашықтық пен парасаттылықты ілгерілету бойынша бұрын қабылданған ұсынымдар мен стандарттарға назар аудару қажеттігін ескертті.
«Бұл ретте, бұрынғы ведомство мүдделі болмағандықтан, жоғары оқу орындары оларды сапалы және тиімді қолдануын қамтамасыз ете алмады»,-деді Превеция қызметінің басшысы.
Қорытындылай келе, Жоғары білім және ғылым министрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ұстанымын білдіріп, жоғары оқу орындарының басшылығына парасаттылық қағидаттарын сақтау қажеттігін айтты.