Кэтриннің спортпен айналысып келе жатқанына үш жыл. Нәтижесі де жаман емес. Саутгемптон тұрғыны, екі баланың анасы спорт үшін шаштараздық жұмысын тастаған, деп жазды Daily Mail.
Кэтриннің сөзіне қарағанда, ол теледидар арқылы жарыстарды көріп, спорттың бұл түріне қызыға бастаған.
Енді ол Ұлыбританиядағы сындарға ғана қатысып қоймай, сонымен бірге еуропалық және әлем чемпионаттарында бағын сынап жүр.