***
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) тақырыбына арналған Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы отырысында «Болашаққа көз жібере отырып, біз АХҚО-ны инвестициялық капитал тарту жəне қаржылық тəсілдер сала сындағы инновациялар орталығы ретінде көргіміз келеді. Ол Еуразияның «қаржы қақпасына» айналуы керек», деп атап көрсет ті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен бірге, АХҚО-ны басқару жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы болып өткені де белгілі. Міне, осы айтулы шараларға жəне АХҚО-ның қызметінің басталуына байланысты «Егемен Қазақстан» газеті «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті əңгімеге тартты.
«Исламдық қаржы туралы айтқаныңыз өте орынды. Біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі исламдық қаржыландыруды дамыту болып табылады. Ислам дық қаржылан дыруды дамыту аясында АХҚО-да белсенді түрде исламдық қаржы институттары үшін қолайлы құқық тық жəне реттеуші орта жасау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Исламдық бағалы қағаздарды шығару жəне айналысқа жіберу бойынша Ұлыбританияның, Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тəжірибелері зерделенуде. Ағымдағы жылғы сəуір айында Қазақстан мен ТМД елдерінде исламдық қаржы қызметтері индустриясын дамыту, сондай-ақ, АХҚО-ның исламдық қаржыландыруды дамыту жол картасын əзірлеу мақсатында Ислам даму банкі тобымен меморандумға қол қойылды. Сондай- ақ, Қазақстанда исламдық қаржыны дамытуға Азия даму банкі, Араб банктерінің одағы сияқты халықаралық қаржы ұйымдары өз тараптарынан қызығушылық танытуда»,-дейді Қ. Келімбетов. Осы жайында «Еуразияның қаржы қақпасы» атты сұхбаттан оқи аласыздар.
Бас басылымда «Айрықша өнім» атты мақала жарияланды. Бәсекелестік белең алған нарық жағдайында өндірісті өрге бастырып, жақсы табыс табу үшін жұртшылық сұранысындағы, сапалы және бағасы қолжетімді өнім өндіруді жолға қою керек. Нарықтың осы талабын жақсы білетін «ТНК агрофирмасы» облыстың біраз өңірлерінен өз құрылымдарын ашып, игі істерімен көзге түсуде. Елең еткізер қадам ретінде серіктестіктің осыдан екі жыл бұрын меншікке алған Атбасар жөндеу-механикалық зауытының аумағынан электр үнемдегіш шамдар шығаратын кәсіпорынды іске қосқанын айтар едік.
«Қазтехникс» атауындағы жаңа кәсіпорынның басшысы Данияр Уәлиев өндіріс барысымен кеңінен таныстырды.
- Бұрынғы жөндеу-механикалық зауытының цехы жаңа кәсіпорынға лайықтап жарақталған, - дейді жас басшы. - Алғашында біз ескі құрылғылармен жұмыс істедік. Өткен жылы Оңтүстік Кореядан жаңа жабдықтар сатып алынды. Жұмысшыларымыз Санкт-Петербургтегі әріптес компания зауытымызда ұйымдастырған курста оқып, кәсіби біліктілігін арттырды. Біз қазақстандық жабдықтарды пайдалануға ден қоямыз. Сондай-ақ, интеграциялық жүйемен Ресейден жылтыр металл тақталар, Канададан өрнекті пластиктер жеткізілуде.
Бүгінде зауыт электр үнемдегіш лампалардың 24 түрін жасайды. Тәулігіне үлкен шамдардың 320 данасын, кішігірім лампалардың 450-ін құрастырып шығарады. Алғашында тек тапсырыс бойынша жұмыс істеген зауыт кейінгі уақытта толық қуатына көшкен. Зауыт ішінде аумағы 3000 шаршы метрді құрайтын дайын өнімдерді сақтайтын қойма жабдықталған.
***
«Айқын» газетінде «Салықтан қашқан жұлдыздар» деген мақала көпшілік назарына ұсынылған. Қазіргі уақытта салық төлеушілер мен бизнес өкілдеріне жасалып жатқан жеңілдіктер мен кепілдіктер түрі сан алуан. Бизнесті жүргізуге және салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін үстіміздегі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Салық кодексіне де бірқатар оңтайлы өзгерістер енгізілді.
«Соған қарамастан, салық төлеуден және мүлкін жария етуден жалтарып, көлеңкелі бизнестің ықпалынан шыға алмай жүрген субъектілер әлі де аз емес. Бұл мәселе әсіресе көңіл көтеретін әншіл, тойшыл және ойыншыл қауымның ішінде кең өріс алып отыр. Олар - мәдениет пен шоу бизнес өкілдері және асабалар. Аталған топтың өкілдері заңды орындауға міндетті»,-деп жазады автор.
Атап айтқанда, қазіргі кезде мәдениет және шоу бизнес өкілдерін салық органдарына тіркеу мен салықты мәжбүрлі түрде декларациялау мәселелері қатаң қолға алынып жатқан көрінеді. Мақалада бірқатар әншілердің өткен жылдағы табыстары жайында мәліметтер келтірілген.
***
Жақын арада Сарыағаш ауданы көкөніс пен жеміс-жидек өсіру бойынша орталыққа айналады. Осы ретте 600 гектар аумақтағы суармалы жердің құнарлығын жақсарту назарға алынып отыр. Бұл жайында «Казахстанская правда» газеті «Дать воду на поля» атты материалда берді.
Аталған жер учаскесі жеті суармалы каналдардар мен желілерге байлаулы. Енді осы суару жүйесіне күрделі жөндену жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, қайта жөндеу жұмыстарымен 111,5 шақырым қамтылмақ. Бұл мақсаттарға облыстық және жергілікті бюджеттерден 1 млрд. теңге бөлінген көрінеді.
Жоспарлы жұмыстар күзге қарай аяқталатын болады. Жұмыстар нәтижесінде 600 гектар жерге су жеткізіліп, тағы 3-4 мың гектар аумақта суару желісінің жағдайы жақсарады.