«К-Жолқұрылыс» АҚ мердігерлік ұйымы хабарлағандай, Жуалы ауданындағы 17 шақырымдық учаске таулы, сонымен қатар климаты да қатал.
Құрылыс нысанының бастығы Марат Әбішевтің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда 1,4 миллион текше метр жер төсемі төселген, 16 метр тереңдіктегі топырақ қазылған, енді құрылысшылар цемент қосылған құм қоспасын төсеуге кіріскен.
«Жұмыстың аяқталауына бәрі дайын, өндірістік қуаты тәулігіне бір шақырымды құрайтын германдық бетонтөсегіштің көмегімен 25 сантиметрлік асфальтбетон жабу ғана қалды», - дейді М.Әбішев.
Үш ай ішінде 30 шақырым жолға бетон төселеді деп көзделіп отыр.