Самарқандта үйді бұзу кезінде үш жұмысшы мерт болды

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Ақпанның 2-сі күні таңертең Самарқандта үйді бұзу кезінде бірнеше жұмысшы опат болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Uznews сайтына сілтеме жасап.

Оқиға зергерлік дүкен орналасқан үйде болды. Үйді бұзуға тартылған бір топ жұмысшыларды бетон плитасы басып қалған. Оның салдарынан үш адам табан астында тіл тартпай кетті, екеуі қатты жарақат алды.

Бұрынғы зергерлік дүкенін бұзу қаланы қайта жаңарту бойынша кең көлемді науқанның бір бөлігі болып табылады. Мұндай жұмыстар бірнеше жылдардан бері жүргізіліп келеді. Қайғылы оқиғаның себебі, үйлерді бұзуда кәсіби құрылысшылар мен инженерлер тартылмай, бұл жұмыстың асығыс жүргізілетіндігінде болып отыр.