Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Самат Смақовтың «Тараз» футбол клубының директоры қызметіне жоспарлы түрде тағайындалуы туралы хабар тараған болатын. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жамбыл облысының әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Самат Смақов «Тараз» футбол клубының басшылығына үміткер ретінде қарастырылмайды»,-делінген хабарлама.
Фото: fc-aktobe.kz