Самбодан ардагерлер арасындағы ел біріншілігінен батысқазақстандықтар бас жүлдемен оралды

ОРАЛ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жезқазғанда самбодан ардагерлер арасында өткен ел біріншілігінде батысқазақстандықтар 9 алтын, 4 күміс, 1 қола медальді еншілеп, командалық бас жүлдені жеңіп алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш жарысқа еліміздің барлық өңірінен алпыс ардагер қатысқан болатын. Батыс Қазақстан намысын он алты спортшы қорғады. Алтыннан алқа таққандар ішінде Бердіғали Төлегенов (60-64 жас, 74 килә), Рамазан Нұрмашев (55-59 жас, 74 килә), Қуаныш Әбуов (60-64 жас, 100 килә), Әділбек Қайыров (40-44 жас, 62 килә) бар.