«Samruk-Kazyna Construction» АҚ операциялық қызмет жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болып Әбдраимов Әлімжан Канатұлы тағайындалды. Ол бұған дейін «Karabatan Utility Solutions» ЖШС басқарушы директоры қызметін атқарған», - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев директорлар кеңесінің мүшесі, қордың тәуелсіз директоры болып тағайындалған болатын.