«Самұрық-Энерго» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен Алексей Огай «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі болып сайланды», - деп жазды ведомстводан.
Айта кетейік, Алексей Огай Алматы энергетикалық институтын 1995 жылы бітірген. Көп жылдардан бері энергетика саласында жұмыс істеп келеді.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ энергетика және тау-кен активтері департаментінің директоры.