«2014 жылы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына сатып алуларға қатысты 268 шағым түсті. Олардың басым бөлігі, нақты айтқанда, 34 пайызы мемлекеттік сатып алуларға қатысты. Одан кейін 28 пайыз шағым «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларына, ал 9 пайызы жер қойнауын пайдаланушыларға байланысты түсіп отыр», - деді ол.
Сондай-ақ кәсіпкерлер палатасына түскен шағымдардың 30 пайызы сатып алуды белгілі бір жеткізушінің пайдасына қарай ыңғайлау және негізсіз іс-әрекеттерге қатысты болған.
«Егер өңірлік палаталарға келіп түскен шағымдарға сараптама жасайтын болсақ, олардың жалпы саны - 1174. Ал арыз-шағымдардың көрсеткіші бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары бірінші орында тұр. Бұл компанияға келіп түскен шағым 30 пайызды, мемлекеттік сатып алуларға түскен шағымдар - 27, жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты шағымдар 5 пайызды құрап отыр», - деді А.Қоңыртаева.