Осылайша Қазақстаннның велоспорт федерациясы Халықаралық велосипедшілер одағына (UCI) «Астана» командасының ПроТурға қатысуға лицензиясын ұзартуды қамтамасыз ететін қаржылық тұрақтылық туралы кепілдеме беріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Біздің спорт» сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстанның велоспорт федерациясы «Қазына-Самұрық» қорымен келісімшартқа отырды. Енді қор біздің жаңа демеушіміз. Команда тығырыққа тірелген еді, енді жағдайы түзелді. Мемлекеттік қордың өкілдері біздің команданы қаржыландыру олар үшін проблема туғызбайтынын айтты», деген «Біздің спорт» сайтына берген сұхбатында Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскурин.