«Былтырғы жылдың қорытындыларына келсек, «Самұрық-Қазына» қоры 304,8 млрд теңге таза табыс тапты. Бұл - 2014 жылдың нәтижесімен салыстырғанда 30 пайызға артық көрсеткіш. Жалпы 2015 жылы «Самұрық-Қазына» қоры бюджетке салық және басқа да төлемдер түрінде 603 млрд теңге аударды. Бұдан бөлек, республикалық бюджетке 34,7 млрд теңге сомасында дивидендтер төленді»,- деді Е. Бахмутова.
Оның айтуынша, жалпы қызмет нәтижелері бойынша былтырғы жылы Қордың таза активтері 22,3 пайызға артқан.