Алқалы жиынға қатысушылар партия үшін қазіргі кезде қолда бар ресурстарды кездесуі ықтиvал мәселелерді шешу жолында қолдану керектігін баса айтты. Олардың пайымынша, бұл бірінші кезекте барлық деңгейдегі депутаттар мен мемлекеттік мекеме өкілдерінің бір-бірімен тығыз байланыста болуына ықпал етеді.
Сондай-ақ кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру үшін оны халыққа уақытылы әрі толық түсіндіру жиындарын тұрақты өткізіп тұру қажеттігін және де елдің назарын қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыттарына аударуы керектігін атап өтті.