деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұйым төрағасы Қайрат Келімбетовтың төрағалығымен өткен жиында қордың жартыжылдық жұмысының қорытындысы пысықталып, алдағы жоспарлары талқыға салынды. Бүгінгі таңда алдын ала есеп бойынша, қорға мүше 12 ұлттық компанияның таза пайда көрсеткіші екі есеге артық орындалды. «Самұрық-Қазынаның» жартыжылдық таза пайдасы 200 млрд. теңгені құрайды деген болжам бар. «Мәселен, «ҚазМұнайГаз» компаниясының өнім өндіру көлемі 18,6 пайызға артса, «Қазақстан темір жолы» жүк айналымын 13,6 пайызға көтерді. Сондай-ақ өткен тамыз айының соңында Альянс банк, Темір банк және Тұран әлем банктерін қайта құрылымдау жұмысы аяқталды. Осының нәтижесінде 13 млрд. теңге көлеміндегі қаражат кешірілді», - дейді Қ.Келімбетов.