АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Сан-Францискода қону кезінде апатты болған ұшақтың ұшқыштары қайғылы оқиғаға дейін бірнеше секунд бұрын қону әрекетін қайтадан бастау үшін жылдамдықты көтермек болған. Бұл туралы АҚШ-тың көліктегі қауіпсіздік ұлттық кеңесінің өкілі айтты, деп хабарлады ВВС.
Оңтүстіккореялық Asiana компаниясының Boeing 777 ұшағының апаты нәтижесінде 307 жолаушының екеуі қаза болып, басым бөлігі зардап шекті.
Ұшу кезінде жазылған таспаның мәліметіне қарағанда, ұшқыштар Boeing 777 қонуға жоспарланған жылдамдықтан айтарлықтай төмен көрсеткішпен келгенін өзара сөз еткен.
Белгілі болғандай, ұшақ қорғаныс іргесіне соқтығысқанға дейін ұшқыштар біржарым секунд бұрын екінші айналымға келу үшін қонудың бірінші әрекетінен бас тартуға тырысқан көрінеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.