20:54, 17 Наурыз 2009
Санақ қорытындылары бойынша Ақтөбе облысының халқы 779542 адамды құрады
АҚТӨБЕ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Кеше 2009 жылғы ұлттық халық санағы бойынша бақылау ретінде аралап шығу аяқталды. Облыстық статистика басқармасының қорытындылары бойынша оның нәтижесінде облыс халқының саны 14,5 мың адамға артқан,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық статистика басқармасының бастығы Әлия Боранбаеваның айтуынша, наурыздың 6-сындағы санақтың аяқталуы бойынша 765028 адам санаққа алынса, бақылау үшін аралап шығу аяқталғаннан кейін облыс халқы 779542 адамды құрады. Олардың басым бөлігі ? 407217 адам әйелдер, 372325-і ер адамдар. Жергілікті халық өкілдері ? 614961 адам.Облыста ұзақ өмір сүрген 15 адам тұрады, олардың барлығы да - әйелдер. Өзінің 114-ші туған күнін 2009 жылғы наурыздың 1-інде Шалқар ауданының тұрғыны Қалыш Әминқызы Ахмет атап өтті. Ұзақ жасаған 8 адам Ақтөбеде тұрады.