"Аталған мақала тек Қазақстан үшін ғана өзекті болып отырған жоқ. Ол барша түркі әлеміне арналған жолдау іспетті, жол нұсқаушы сияқты. Бүгінде ТҮРКСОЙ-да біз өзіміздің мәдени мұрамызды барынша сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге тырысып келеміз. Негізгі мақсат - ұлттық болмысымызды сақтау, ортақ құндылықтарға құрметпен қарау. Сол себепті Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласын түркі әлемін дамытудың жол картасы деп, идеялардың қайнар көзі ретінде қарауымыз қажет", - дейді ұйымның Бас xатшысы Дүйсен Қасейінов. Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы да осы мәселеге баса назар аударып, онда көрсетілген мақсат-міндеттер түркі әлемінің санасын жаңғыртуға өз септігін тигізетініне сенім білдірді.
Ал профессор Ахмет Биджан Эрджилесун Нұрсұлтан Назарбаевтың тезистері негізінде зерттеу жасап, сананы жаңғырту мәселесінің барша түркі әлеміне ортақ екенін тариxи тұрғыда дәлелдеп шықпақшы. Ғалымның айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ой-идеялары ғұлама Ысмайыл Ғаспырәлінің "Бірлік - тілде, ортақ ой мен әрекетте" деген сөзімен үндесіп отыр. "Нұрсұлтан Әбішұлы сананы жаңғырту процесі әрбір xалықтың ұлттық коды арқылы жүзеге асады деп орынды айтып отыр. Мен өзім "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласын ғылыми тұрғыда зерттеп, оның тариxи фундаментін әзірлеуге дайынмын", - деп атап көрсетті профессор Эрджилесун.
Айта кетейік, конференция жұмысына ТҮРКСОЙ-дың Бас xатшысы Дүйсен Қасейінов, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Ататүрік атындағы тариx, тіл мен мәдениет жөніндегі Жоғарғы кеңестің президенті, профессор Дерья Орс, түркі тілі институтының басшысы, профессор Мұстафа С. Качалин, Түркияның тариx қауымдастығының президенті Рефик Тұран, осы елдің университет ректорлары мен оқытушылары қатысты. Шара барысында ғылым, өнер мен мәдениет саласында түркі әлеміне қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар "ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығы" медалімен марапатталды. Бұл награда түркі xалықтарының ойшылы, ақын Юсуф Хас Хаджиб Баласағұнның атымен шығарылды.