деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Анатолий Белоногтың айтуынша, 2009 жылғы қаңтардан бастап елде мемлекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалауды басқарудың тікелей жүйесі қабылданды. «Қазір біздер жаңа жүйенің күшті және әлсіз жақтарын бағалаудамыз, қаржыландыруға байланысты қиыншылықтарды айқындаймыз, сонымен қатар, медициналық мекемелердің материалдық базасын ескеру де қажет», - деді ол аймаққа келу мақсатын айқындай отырып.