«Ескерткіш орнату идеясының қозғалғанына 5 жылға жуық уақыт болды. Бастапқыда біз оны Жеңіс саябағына орнатқымыз келген, алайда келісімнің қиындығына байланысты Батыр-қалалар саябағын ойластырғанбыз. Бүгін қалалық құрылыс кеңесі ескерткіш орнату үшін екі тиімді нұсқаны - Васильев аралы немесе Тас аралдағы Қайыңды аллеясын таңдады», деді солтүстік астананың вице-губернаторы Людмила Косткина қалалық құрылыс кеңесінің отырысында. Оның айтуынша, ескерткіш ағымдағы жылы-ақ Петерборда бой көтеруі мүмкін.
19:34, 12 Сәуір 2010
Санкт-Петерборда Ұлы Отан соғысының қаһарман қатысушыларына ескерткіш орнатылмақ
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 12-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда Ұлы Отан соғысына қатысқан қаһарман әйелдерге ескерткіш орнатылмақ. Бір ерекшелігі: ескерткіштің орналасатын жерін ардагерлердің өздері белгілейді.