Бұл туралы бүгін «Сапа және дағдарыс: мүмкіндіктер» деген атпен өтіп жатқан сапа бойынша 4-ші Алматы халықаралық форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Бүгінгі таңда сапа менеджментінің салалық жүйесін енгізуді медицина, темір жол, құрылыс салалары мен мұнай-газ секторында қуанышпен байқауға болады. Осы уақытқа дейін 54 техникалық реттеулер қабылданды. Сондай-ақ тағы 97-сін қабылдау жоспарланып отыр. Біздің ойымызша, бұл жұмыс алдағы 2 жылдың ішінде аяқталады", дейді ҚР Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев. Оның айтуынша, техникалық реттеулер жасалып болған кезде сапа менеджменті жүйесін енгізуге қажетті техникалық база толық құрылып болады.